• 4142 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Linde неміс компаниясы Теміртауда ірі жобаны жүзеге асырмақшы

 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Linde» компаниясы ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Қазақстанға Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің сапары аясында Астана қаласында өткен Қазақстан-неміс іскер кеңесінің отырысы барысында ол жайлы келісімге қол қойылды.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ және өнеркәсіптік газ бен инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік тауар жеткізуші «Linde» компаниясы ауа бөлгіш екінші блогының құрылысы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойды. Ауа бөлгіш блок шойын, болат және металл илек өндірісі кезінде қара металлургияда пайдаланылатын оттегі, азот және аргонды өндіру үшін қажетті жабдық», - деп мәлімдеді «АрселорМиттал Теміртау» баспасөз қызметі.
Агрегатты 2019-шы жылдың қарашасында іске қосу жоспарланып отыр.
Неміс трансұлттық компаниясы осыған дейін де теміртаулық металлургтермен қарым-қатынас орнатқан.
- 2012-ші жылы «Linde» компаниясымен біз өзіміздің алғашқы бірлескен жобамызды - №1 ауа бөлгіш блокты іске қосқан болатынбыз. Жобаны жүзеге асыру құрылғының жұмысы барысында олқылық қаупін төмендету, барлық металлургиялық цикл жұмысының сенімділігін арттыруға және техникалық газдың өзіндік бағасын төмендетуге мүмкіндік туды, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Парамжит Калон.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «ArselorMittal» трансұлттық компаниясының құрамына кіреді, жәнеде Қазақстанның тау-кен – металлургиялық секторының ірі кәсіпорны болып табылады. Компанияның құрамына Теміртаудағы металлургиялық комбинат, Қарағанды облысындағы 8 шахта, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір шығаратын 4 кен орны кіреді.
Кәсіпорын жалпақ және сұрыпты илек, оның ішінде полимерлі, мырыш және алюминиймен қапталған илектер өндірісінде мамандандырылады, сондай-ақ домна және кокс химиялық өндірісте қолданылатын агломерат, темір рудалы және көмір концентраты, кокс, шойын, болат, оның ішінде тоқтаусыз құйылған қаңылтақ, штрипс, лонжерондық жолақ, электр дәнекерлеуші құбырлар және оған қажетті өнімдерді шығарады.
The Linde Group – бірнеше елдерде филиалдары бар неміс трансұлттық химия компаниясы. Компанияның штаб-пәтері Бавариядағы Мюнхен қаласында орналасқан.