• 4142 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Ерлан Қошанов: «Шет ауданында орта және шағын бизнесті дамыту қажет»

 Қарағанды облысының әкімі Шет ауданындағы орта және шағын бизнестің дамуына қатысты наразылығын білдірді. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы аудан әкіміне және тиісті басқарма басшыларына бұл мәселенің шешімін табуды тапсырды.

Облыстағы өнім өндіру көлеміндегі Шет ауданының үлесі 2% құрайды. Мұнда 11 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді, оның 6-уы тау-кен өндірісі болса, 5-уі өңдеуші өнеркәсіп. Бүгінгі таңда пайдаланып жатқан кен орындарының көбі кеңес уақытынан бері жұмыс істеп келеді. Жобалардың санын арттыру үшін жаңа кен орындарын ашу қажет. Осы бағытта ауданда жеке инвесторлармен 10 жер геологиялық-барлау жұмыстары өткізілуде.
Ағымдағы жылдың соңғы бес айында Шет ауданында өнеркәсіп кәсіпорынларымен 21 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Оның 85%-ы тау-кен кәсіпорындарының өнімдері. Дегенмен, ауданда негізгі капиталға түсетін инвестициялар көлемі 49%-ға төмендеуі байқалуда. Негізінен ол Шет ауданындағы ірі кәсіпорын «Нова Цинк» ЖШС-нен келіп түсетін инвестицияның төмендеуімен түсіндіріледі. 2017-ші жылдың қыркүйек айында кен орны қызметін дамыту мақсатында қосымша түрде кен шығарудың жер асты әдісіне көшуді жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда келісімшарттық міндет шеңберінде компания Ақжал кентіндегі көпқабатты тұрғын үйді қайта қалпына келтіру үшін 35 млн теңге бөлген, жәнеде шілденің 15-не дейін тағы да 28 млн теңге аударылады. Сондай-ақ кәсіпорын басшылығы ұзындығы 120 шақырымды құрайтын Ақжалдан Ақадырға дейінгі жолды жөндеуге уәде берді.
- Сіздердің аудандарыңыздың әлеуеті жоғары, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов Шет ауданы активінің отырысы барысында. – Бұл өңірде осындай ірі кәсіпорындардың жұмыс істегені жақсы, әрине. Алайда аудандағы орта және шағын бизнесті дамытуды ұмытпаған абзал. Бұл бағытта көрсеткіштеріңіз өте төмен. Мен кәсіпкерлік басқармасына және орынбасарларыма аудан орталығына келіп, жергілікті әкіммен берлесіп осы мәселенің шешу жолдарын іздестіруді тапсырамын. Жергілікті кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпарат тарату жұмыстарын өткізу қажет.
Ауданда 2380 бизнес субъектілері жұмыс істейді, оның 70% ауыл шаруашылық саласына тиесілі. Облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров айтқандай, Шет ауданында 2010-шы жылдан бері «Бизнестің Жол Картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауды небары 9 кәсіпкер пайдаланған.