• 4006 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 1 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда қоғамдық кеңес мүшелері ескі дала шамдарын мектептерге беруді ұсынды

 Мектеп аулаларын жарықтандыру мәселесін қоғамдық кеңес мүшелері 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджетті талқылау жиналысында көтерді.
Кәсіпкер, Қоғамдық кеңес мүшесі Николай Абт демонтаж жасалған дала шамдарын мектептерге беруді ұсынды. Себебі екінші маусымда оқитын оқушылар үйлеріне қараңғы батқанда қайтады.
- Шолпан Мақсұтқызы, сіздер «Тойота центр» аумағындағы 600 шамды демонтаждаған едіңіздер, - деді ол Қарағанды облыстық коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісіне. – Сол шамдарды әр мектептерге 10-нан таратып беру қажет.
Шолпан Жүсіпова оған қарсылық білдірмеді. Алайда ол шамдарды іске қосу үшін алдымен «Қарағанды Жарық» компаниясымен келісіп алу және қажетті құжаттарды әзірлеу керектігін мәлімдеді.
Осылайша, 2017-2018-ші оқу жылдарында кейбір мектептердің аулалары демонтаждалған дала шамдарымен жарықтандырылуы ықтимал.