• 4352 барлығы
  • 14 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Ерлан Қошанов Шахтинск мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

 Қарағанды облысының әкімі жұмыс сапары барысында Шахтинсктегі №6 мектепте болды. Аймақ басшысы мектептің жылу жүйесін, сыныптардың жабдықталуы мен кіре беріс жолдардың жөндеу жұмыстарын тексерді.

Ерлан Қошанов бірінші кезекте автоматты жылу бөлімі орналасқан ғимаратқа барды. Айта кетейік, облыс бойынша Шахтинск - барлық мектептері, балабақшалары мен басқа да білім мекемелері осындай бөілмдер арқылы жылытылатын жалғыз қала. Оның жағымды жақтары көп: жылу аз жұмсалады, алайда ғимараттағы температура төмендемейді.

- Барлық автоматтандырылған бөлімдерге біз 35 миллионға жуық теңге жұмсадық,-деп баяндады Шахтинск қаласының білім бөлімінің жетекшісі Николай Онсович.- Бүгінгі таңда, төрт жылда біз бқл жүйені толығымен ақтап алдық. Келесі жылы таза пайда көлемінде 10 миллион теңгеге қол жеткіземіз. Бұл қаражат білім жүйесінде қалады.

Аймақ басшысы өз қызметкерлеріне осындай жылу бөлімдерін орнату тәжірибесін облыс бойынша енгізуді тапсырды.
Биылғы жылы Шахтинск қаласындағы №6 мектепке жаңа парталар сатып алынған, олардың биіктігін реттеуге болады, және де робототехникамен айланысу үшін толық кешендер алынған.

- Енді ОӨК аясында 10-11 сынып оқушылары үшін робототехника міндетті болады,-деп үсіндірді Николай Онсович.- Сонымен қатар, бізге екі миллион теңге бөлінді, оған біз сынақ ретінде «Салтанат» балабақшасына робототехникаға қажетті кешендерді сатып алдық.

Сондай-ақ облыс әкіміне инклюзивті білімді дамыту жөнінде де баяндалды. Биылдан бастап Шахтинсктің барлық мектептерінде дефектолог мамандар жұмыс жасайтын болады. Жаңа оқу жылынан бастап арнайы мамандандырылған мекемелерден 72 бала қарапайым мектептерге ауысады.
Шахтинскте сондайа-ақ оқу сыныптар оңтайландырылған, сол арқылы бюджет қаржысы үнемделді. Бұрын сыныптарда 16 баладан болатын. Енді бір сыныпта 24 балалан оқиды. Сыныптардың жалпы саны 54-ке төмендеді.

- Орта есеппен бір сыныпты қалпында ұстап тұру үшін үш миллион теңге жұмсалады. Олардың санын азайту арқылы біз 150 миллионды үнемдедік,-дейді Николай Онсович.-Біз өз әкімімізбен бұл қаражаттың білім саласына жұмсалуы туралы келістік.
Ерлан Қошанов Шахтинск қаласы білім басқармасының сәтті жұмыс атқарғанын ескеріп, өз қызметкерлеріне аталмыш қаланың жағымды тәжірибелерін облысымыздың басқа да аудандарында енгізуді тапсырды.