• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Шахтинскте алимент орталығы ашылады

 Шахтинск прокуратурасы сот орындаушылар және медиаторлармен бірлесе «Айналайын» алимент орталығын ашпақ. Орталық қызметкерлері ажырасып кеткен отбасыларға өзара келісімге келуге және барлығы үшін тиімді шешім табуға көмектесетін болады.
Медиация дегеніміз – бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы дауларды тиімді шешу әдісінің бір түрі. Алимент орталығы борышкерлерден алименттерді өтеп алу бойынша құқықтық көмектерді көрсететін болады.
Орталықта істің қалай атқарылып жатқандығын бақылайтын прокуратура өкілдері, мемлекеттік, жеке меншік сот орындаушылары мен медиаторлар жұмыс істейтін болады.
Орталықта азаматтарды қабылдау әр бейсінбі сайын сағат 10:00 мен 12:00 аралығында, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы 65Б менкежайы бойынша (ХҚКО ғимараты, 2 қабат) №201 кабинетте жүргізіледі. Байланыс телефондары 5-18-30, 5-59-22.

Айта кетейік, Қарағандының Октябрь ауданында Октябрь ауданының аймақтық сот орындаушылары бөлімінің ғимаратында дәл осындай «Болашақ» алимент орталығы жұмыс жасайды. Орталық жұмысына мемлекеттік және жеке меншік сот орындаушылары, ішкі істер, халықты жұмыспен қамту мекемелерінің қызметкерлері мен медиаторлар тартылған. Ондада азаматтарды қабылдау әр бейсенбі сайын жүргізіледі.
Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша.