• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Шаханның тұрғындары облыс әкіміне елді мекеннің проблемалары туралы айтты

 Қарағанды облысының әкімі Шаханда ағымдағы жылдың қаңтар айында қатты жарылыстың салдарынан қираған үйлердің тұрғындарымен кездесті. Шахандықтар өңір басшысына өздерінің проблемаларын айтып берді, атап айтқанда олар елді мекенде үйлердің жылумен қамтылу мәселесін көтерді.

Тұрғындармен кездесу алдында Ерлан Қошанов Шахандағы жаңа қазандықтардың бірінде болды. Айта кетейік, бұл қазандық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, көпқабатты үйдің жертөлесінен көшеге шығарылды.

- Бүгінде біз 7 автоматтандырылған жылу жүйесін тұрғын үйлерден сыртқа шығардық, олардың бесеуі тік, екеуі көлденең, - деді Шахан әкімі Мұрат Жақыпов. – Барлық жабдықтар жаңа, ендігіде бір үйді жылумен қамтамасыз ету үшін бір маусымға 10 тонна көмір қажет болады. Бұрындары жылытудың ескі жүйесін қолданатын едік, өз кезегінде айына көмірдің 3 тоннасы жұмсалатын. Жаңа сорғыштар арқылы ендігіде үнемдей аламыз, жаңа жабдық өте тиімді».

Бұндай 1 қазандықтың бағасы – 3 млн теңге. Құрылғыларды орнатумен және оларды іске қосумен мердігерлік «Power Technologies.KZ» ЖШС айналысады.

Елді мекеннің тұрғындарымен кездесуде Ерлан Қошанов қатты жарылыстың салдарынан жапа шегіп, қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Шахандықтар өз кезегінде елді мекендегі жи кездесетін проблемалар туралы айтты. Олардың сөзіне қарағанда, жылумен қамту - ең басты әрі өзекті проблема. Үйден көшеге шығарылған жаңа автономдық жылу беру жүйесінің қуаттылығы зор емес, 5 қаббаты тұрғын үйді жылытуға қауқары жетпейді.

- Осы қыста үйде суық болды, әсіресе ақпан айында үйдің іші азынап кетті,- деді елді мекеннің тұрғыны. – Жаңа қазандық жанталас, асығыс-үсігіс үстінде салынған, соның салдарында қаңтардың бірінде қайғылы оқиға орын алды, дегенмен қаңтардың 5-і күні жаңа қазандық орнатылды. Әрине қала билігіне жедел әрекет еткені үшін рахметімізді айтамыз, дегенмен қыс басталмай тұрып, қазандықты қайта жаңартып, одан да мықтысын қойып, жылуымен толыққанды қамтамасыз етсе екендейміз.


Өңір басшысы бұл проблеманы шешуге уәде берді.
Елді мекеннің тұрғындары Шахан қаласында диабетке шалқыққан және демікпесі бар адамдар үшін тегін дәрі-дәрмек алу қиыннын қиыны екенін айтып, мамандандырылған дәрігерлердің жоқтығына шағымданды.

Бұл мәселені шешу үшін өңір басшысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлбан Мамалиноваға Шаханда қалып, жергілікті денсаулық сақтау әкімшілігімен бірлесе отырып бұл мәселенің шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Шахандықтар елді мекенде әйелдер мен жастар үшін жұмыстың жоқтығын да тілге тиек етті. Олардың сөзіне қарағанда, елді мекенде жұмыс тек кеншілер үшін ғана бар, ал қалғандары не үйде отырады не болмаса жақын маңдағы елді мекендерге барып жұмыс істейді.

- Қазір жұмыспен қамту саласында қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бар, орта және шағын бизнесті дамытамыз, -деді Ерлан Қошанов. – Шахан қаласында шағын бизнесті дамытуға ерекше өкңіл бөлемін, көмектесемін. Сіздердің мәселелеріңіз шешімсіз қалмайды. Мен сіздерге көмектесуге дайынмын.

Өңір басшысы қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріп, ауыл тұрғындарына кездесу барысында айтылған барлық мәселелерді бақылауға алып, тез арада шешімін табуға уәде берді.