• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында оқушылар үшін тарихи жерлер бойынша экскурсия

 Жезқазған, Сәтпаев және Осакаров аудандарының оқушылары Қарағанды облысының кесенелері мен мұражайларында болып қайтты. Оқушылар үшін экскурсия «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.
Өткен жұмада Жезқазған мен Сәтпаевтан 40 оқушы Жошы Хан, Алаш Хан, Домбауыл кесенелеріне барды. Оқушыларға салынып жатқан сәулет ескерткіштерінің құрылу тарихы баяндалды. Экскурсия республикалық «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының бастауымен «Менің Отаным-Қазақстан» жобасы аясында Қарағанды облысының Білім басқармасымен ұйымдастырылды.
Сол күні Осакаров ауданының 20 оқушысы Теміртау қаласында, Тұңғыш Президент тарихи-мәдениет орталығында болып қайтты.
Дегенмен «Менің Отаным-Қазақстан» жобасы облыс оқушылары үшін аяқталмайды. Осы аптада 20 оқушы Долинка кентінде орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейіне барады.