• 4077 барлығы
  • 29 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында үш елдімекеннің атауы өзгереді

Облыстық ономастикалық комиссия шешімімен осы жылдың күзінде Нұра, Осакаровка аудандарындағы 3 ауыл атауы өзгертіледі.
Қарағанды облысының ономастикалық комиссиясының шілдеде өткен отырысында Нұра ауданындағы екі елдімекеннің, ал Осакаровка ауданында бір ауыл атауын ауыстыру шешімі шығарылды. Сонымен қатар күн тәртібінде Нұра ауданының бірнеше ауылдарындағы 47 көше атауын өзгерту мәселесі қаралды. Оның 45-ін ауыстыруды комиссия құптады, ал екі көше атауы бұрынғыдай қалатын болды.
Қазір Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінде өзгерту туралы жоба әзірленіп жатыр. Оған келісім алып, бекіту бір жарым айдан екі айға дейін уақыт алады. Осылайша, Нұра ауданының Щербаков ауылы - Қайнар, Киевка кенті - Нұра, ал, Осакаровка ауданының Дальнее селосы - Аманқоңыр болып өзгертіледі.
Ал басқа атауға ие болатын 45 көшеге келетін болсақ, бұл жоба дайын, аудандарға жіберілген.