• 4232 барлығы
  • 44 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Шахтинск ЖЭС –да күрделі жөндеу жұмыстарын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда

 Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС-де болды. ОЛ ЖЭС жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысып, алдағы жылыту маусымына дайындығын білді.
Қазір Шахтинск ЖЭС-де жөндеу жүргізілуде. Алдымен жөндеу ағымдағы болады деп жоспарланған, алайда наурыз айында Ерлан Қошановтың шешімімен жөндеу жұмыстарына тағы 300 миллион теңге бөлінді. Соның арқасында бір турбинаны толық жөндеуге және жабдықтарды жаңартуға мүмкіндік туған.
Бұдан бөлек бу ыстқыштарды, қаптаманы және қазандықтың бірінші, екінші сатыдағы конденсаторларды қалыпқа келтіруде. Жұмыстар кесте бойынша, тіпті кей жерлерде уақытынан бұрын орындалып жатыр.
Зауыттың мамандарына жөндеу жұмыстарын орындауға сатып алынған жаңа бағдарлама «Microsoft Project» көмектесуде. Соның арқасында ЖЭС әкімшілігі әр адам қаншалықты жұмылдырылғанын және күнделікті материалдармен қамтамасыз етілгендігін қадағалауға мүмкіндік бар. Осылайша, барлық қызметкерлерді жұмылдыруға, тіпті жаз мезгілінде тоқтап тұрғанда да жұмыс орнын және станция жұмыскерлерінің жалақысын сақтап қалуға мүмкін болады.
Ерлан Қошанов алдымен станцияның алдағы жылу маусымына дайындығы туралы сұрап білді.
-Еріту болмайды, ЖЭС бес жылдан бері еш апатсыз жұмыс істеп келе жатыр, - деп сендірді Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов. – Иә, көмір алумен мәселелер болды, смета бойынша жетіспеушілік үлкен, қарызы да қомақты. Қазір тарифті өзгерттік, көмір мәселесі шешілді. Бүгінгі күні отын үшін «Қазақмыс» алдында 114 миллион қарыз әлі де бар. Біз оны өтей аламыз, одан кейін ондай проблема болмайды.
Бүгінгі таңда үш қазандық және бір турбинаның жөндеу жұмыстары 70 пайызға орындалды. Жұмыстарды толығымен аяқтау 31 тамыз күніне жоспарланып отыр.