• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық кәсіпкерлер «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде болып қайтты

 Шілденің 28-і мен 30-ы аралығында Астанада «Көрме» орталығында «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілер форумы өтті. Форум шеңберінде «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі ұйымдастырылды. Оған 144 аймақтық жеңімпаздар және 206 отандық компаниялардың өкілдері қатысты.
Қарағандыны көрмеде 9 кәсіпорын таныстырды. Оладың арасында «Сарыарқа нан Қарағанды» ЖШС, балмұздақ шығаратын «Айза» ЖШС, шұжық және ет өнімдерін шығаратын «Дедов» компаниясы, «Сантехпром» ЖШС санитарлық-техникалық мақсатқа қажет өнімдерді өндіретін зауыт, «Фортуна» тігін фабрикасы» ЖШС, «ALIAN-paint» ЖШС, «Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС болды.
Көрме павильондарын аралау барысында «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев «Фортуна» теміртаулық тігін фабрикасы өнімдерніің жоғары сапасын атап өтті. «Сарыарқа нан Қарағанды» нан зауытының әсем безендірілген павильоны да көпшіліктің көңілін аулады, келушілер майқоспа тоқаштар мен әдемі торттарды қуана сатып алып та, суретке түсіріп те жатты. Ал «Айза» қарағандылық балмұздақтары көрменің кішкентай қонақтарының көңілінен шықты.
Қарағандылық кәсіпкерлердің пікірінше осы секілді көрмелер қажет. Бұл шаралардың арқасында іскер байланыс орнатып, нарыққа басқа қырынан қарап, әлеуетті сатып алушыларды табуға мүмкіндіктер туады.
Естеріңізге сала кетейік, астаналық көрмеге үш түрлі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлар» номинация бойынша аймақтық конкурстарда жеңімпаз атанған кәсіпорындар қатысты.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқаудың қорытындысы жыл соңында «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын табыс ету барысында жарияланатын болады.


Қарағанды облыстық кәсіпкерлер Палатасы баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше