• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Кәсіпкерлердің сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары жауап береді

 10-шы тамызда 15.30-дан 17.30-га дейін бизнесмендерді «Атамекен» АКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына шақырады.
Кездесуге Қарағанды облысы әкімінің инвестициялар, өнеркәсіп және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша орынбасары Алмас Айдаров, сондай-ақ өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму мен кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, «Сарыарқа» ӘКК, «Даму» қоры мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысады.
Кәсіпкерлер кеңес алып, құзырлы қызметкерлерге бизнесті қолдау және дамыту бойынша сұрақтарын қоя алады.
Қарағанды облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ағымдағы жылдың ақпан айында ашылған болатын. Онда бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетудің толық жиынтығы қарастырылған. Мекенжайы: Қарағанды қ-сы, Ермеков к-сі, 29.