• 4077 барлығы
  • 29 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда джимхана-жарыс өтті

 Өткен демалыс күндері 13 пилоттар экстремалды көлік жүргізу бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Авто сүйермендер басқарылатын сырғулармен машиналарын жүргізіп, «сегіздік» ішін айналып, кедергілерден батыл өтіп отырды.
Джимхан жарысы Қарағандыда осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Бұл ресми жарыс, жәнеде қауіпсіз трассаларда ІІД-нің келісімімен өтеді. Биылғы жылы жарысқа арналған трасса «Отау» авто базарының алдындағы алаңда жабдықталды.
Жыл өткен сайын Қарағандыда жарыстар анағұрлым танылам болып келеді. Бұл жолы облыс орталағына Өскемен қаласынан да қонақтар келді. Барлығы жарысқа 13 автомобиль қатысты.
Ұйымдастырушы Максим Удаловтың айтуынша жарысқа тек тәжірибелі жүргізушілер мен техникалық бақылаудан өткен көліктер ғана кірістіріледі. Себебі жарыс кезінде жүргізуші қауіпсіздікте болуы үшін, көліктің қол тежеуіші мен артқы жетегі дұрыс жұмыс істеп тұруы қажет.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар қатарында тек қарағандылықтар ғана болды. Бірінші орынды Михаил Руссу, екінші орынды Дмитрий Федориненко иеленсе, үшінші орын Кулявцевке бұйырды.
Джимхана – Жапонияда, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Африкада анағұрлым танымал автоспорт түрі. Сонымен қатар ол автослалом және авто көпсайыс ретінде де белгілі.