• 4232 барлығы
  • 44 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды кондитер фабрикасы қайта жандануы мүмкін

 Құны 20 млрд. теңгені құрайтын Қарағанды кондитер фабрикасын жандандыру жобасы құрылды. Оны мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асыру келесі жылда басталуы мүмкін. Ол жайлы облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Ғалымжан Жұмасұлтанов аймақтық коммуникация қызметінің брифингі барысында мәлімдеді.
- Фабрика жойылмайды. Барлығын ауыстырып, жаңартатын уақыт келді, - деді Ғалымжан Жұмасұлтанов Аймақтық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында. – Ондағы жабдықтар 60-70-ші жылдарда орнатылған. Әбден тозығы жеткен. Фабриканың жаңа иелері өндірісті толықтай жандандыруды ұсынып отыр. Бизнес-жоспар да құрып қойған. Жоба шамамен 20 млрд теңгені қажет етеді.
Болжам бойынша қарызды Қазақстан даму Банкі береді.
- Банк тарапынан құптау алдық. Егер барлығы тиісінше болса, келесі жылдан бастап бұл жобаны жүзеге асырмақшымыз. Демек, толықтай барлық жабдықтар мен құрылғылар жаңартылады, - деп қосты баяндамашы.
Басқарма басшысы инвесторлардың шешімі оң екенін айтты.
- Кондитерлік нарықтағы бәсекелестікті ескерсек, ескі жабдықпен жұмыс істеу тиімсіз болады. Шығынға ұшырамас үшін сәл кідіріс алып, кәсіпорынды жаңа жабдықтармен қамтамасыз етіп, жаңа технологияларды енгізу қажет. Бұл ретте иегерлер де, тұтынушылар да ұтымды жағдайда болады, - деп болжамдайды Ғалымжан Жұмасұлтанов.
Ол кәсіпорынның басқа салаға ауыстырылатыны туралы сыбысты жоққа шығарды.
- Фабрика өз бағытын ауыстырмайды. Менің пікірімше, олай істеудің қажеті жоқ. Бұл кәсіпорынды жандандырып, қарағандылық конфеттердің бұрыңғы даңқын қайта асқақтату қажет. – дейді баяндамашы. – Фабриканың инфрақұрылымы ауыз толтырып айтырлықтай, сондықтан оны жоғалтуға болмайды. Бұл өндірісті жандандырып, жұмыс істеуге дайын тұрған инвестор келді. Қазіргі таңда процелуралық кезеңдерден өттік, ендігі кезек шешімде. Бұл фабрика үшін, осы кәсіпорын үшін біз, жергілікті атқару органдары да қатты уаыймдаймыз. Премьер-министр облысымызға іс сапармен келгенде бұл кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсету керектігі туралы сөз қоғалды. Кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде бұл жоба алға жылжуда.
Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, фабрика қызметкерлері қазіргі уақытта ақысыз демалыста екен. «Бұл өндірісте өскен мамандар осында қайтып келеді деп ойлаймын» деген үмітін жеткізді Ғалымжан Жұмасұлтанов.