• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

К. С. Станиславский атындағы театр жаңа маусымда бес қойылымның тұсауын кеспек

Халықтар достығы ордені К. С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры өзінің 87-ші маусымын ашты. Маусымның ашылуы биыл ерекше болды. Әртістер театр алаңында «Бар әлем рампа түрінде» атты көңілді перфоманс ұйымдастырды. Аспанға 87 әуе шарлары ұшырылды, олардың ішінде әртістердің көрермендеріне деген тілектері бар.

Театр өзінің жаңа маусымын «Ревизор» қойылымымен ашты.
Ашылу салтанатына орай өткен брифингте театр жетекшісі Дунай Еспаев алдағы жоспарлармен бөлісті.

- Жаңа маусымда біздің көрермендер бес премьераны көреді. Олар - А.Чеховтың «Шие бақсашы» комедиясы, атақты испан драматургы Лопе де Веганың «Ақымақ қыз» комедиясы, американдық драматург Н.Саймонның «Ақымақтар» атты қойылымын бізге келген әзербайжандық режиссер Микаил Микаилов қояды, танымал қазақстандық режиссер Қуандық Қасым «Федраны» қоймақ. Балалар үшін «Бақа ханшайымы» ертегісі қою жоспарда бар, - деді Дунай Еспаев.

20-26 қыркүйек аралығында К. С. Станиславский атындағы театр Алматыға гастрольдік сапарға аттанбақ. Онан соң Петропавл қаласына барады. Сонымен қатар биыл театр ұжымы Йошкар-Олаға, Буинскке (Ресей), Белградқа (Сербия) және Анталияға (Түркия) театр фестивальдеріне бармақ.

Қыркүйек айына арналған театр репертуары мынадай:
«Где? В Караганде!» - 15 қыркүйек, 18.30;
«Стена живых» - 16 қыркүйек, 17.00;
«Приключения незнайки и его друзей» - 17 қыркүйек, 12.00;
«Звезда по имени...» - 17 қыркүйек, 17.00;
«Моя парижанка» - 29 қыркүйек, 18.30.

Билеттер бағасы балалар үшін - 300 тенге, кешкі қойылымдар үшін - 300-500 тенге және премьералар үшін - 400-600 тенге.