• 4142 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Приозерскіде еліміз үшін кәсіби сүңгуір-құтқарушылар даярланатын болады

ҚР ІІМ ТЖК төрағасының бірінші орынбсары, азаматтық қорғаныс полковнигі Сәбит Битаев және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа Приозерск қаласында болып қайтты. Жұмыс сапарының мақсаты құтқару бөлімшесінің жұмысымен танысу болды.
2014-ші жылы Балқаш көлінің жағалауында Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде жаңа су-құтқару станциясы ашылған болатын. Ол жылдам жүретін құтқару катерлерімен, ең жаңа сүңгуші және су-құтқару құралдарының үлгілерімен жабдықталған. Оның ішінде терең су астында медициналық-оңалту шараларын жүргізуге мүмкіндік беретін барокамера да бар. Сонымен қатар оқу сыныбы да жабдықталған.
Құтқару бөлімшесі барлық замануи талаптарға сай жәнеде елімізде оның баламасы жоқ. Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда өзінің географиялық орналасуымен де басымдылыққа ие. Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі Ыбрахым Күлшімбаев станция базасында ҚР ІІМ ТЖК кәсіби апаттық-құтқару қызметтерінің сүңгуші-құтқарушыларын даярлайтын Республикалық оқу-жаттығу орталығын құруды ұсынды.
Бұл бастама құпталды. Ғимараттың ауданы бір мезгілде 25 адамды оқытуға мүмкіндік береді.
- Орталық тек азаматтық қорғаныс саласында жоғары білікті мамандар даярлау бойынша ғана емес, сонымен қатар еліміздің басқа да салаларындағы сүңгуші мамандарды дайындаумен айналысатын болады, - деп атап өтті Сәбит Битаев. – Бүгінгі таңда елімізде І, ІІ, ІІІ топтағы білікті сүңгушілерді даярлайтын мамандандырылған оқу орындары жоқ, ал шет елде оқыту анағұрлым қымбат.
Сәбит Битаев және Анатолий Шкарупа сонымен қатар Приозерск қаласындағы №47 өрт сөндіру бөлімі мен Сарышаған кентіндегі трассалық медциналық-құтқару бекетінде де болып қайтты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз-қызметінің мәліметі бойынша.