• 4142 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында 11-ші қыркүйекте санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша бір айлық басталады

Билік өкілдері облыс тұрғындарын өз ауданы, ауылдары мен қалаларындағы аумақтарда тазалық және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырады. Бүгін, 11-ші қыркүйекте дәстүрлі тазалық айы бастау алды.
- Дәстүрлі түрде біз абаттандыру бойынша бір айлықтың басталғанын жариялаймыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа аппараттық жиналыс барысында. – Бұл шараға барлық тұрғындар белсенділік танытса екен дейміз.
23-ші қыркүйекте жалпы облыстық сенбілік өтеді. Шара барысында қоғамдық орындардағы аумақтар, сондай-ақ мекемелер мен ұйымдар, бизнес нысандарының маңы тазартылып, қалыпқа келтіріледі.