• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Пришахтинскіде 12-ші қыркүйекте суық су өшіріледі

Сейсенбі, 12-ші қыркүйекте Пришахтинск елді мекенінде су құбырларын жөндеу жұмыстарына байланысты суық су өшіріледі. Ол жайлы «Қарағанды су» ЖШС баспасөз-қызметі мәлімдеді.
Өшіру аумағына 21, 22 және 23 ықшам аудандары, Зелинский көшесі, Фин кент, Узенка, ТБӨ, Медсанчасть, 2-ші кен орны, Көліктік цех, Жаңа құрылыс, Жаңа және ескі Тихоновка енді.
Су құбырлары желісіндегі жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыстары бір тәулік ішінде жасалып бітуі тиіс. Алайда қызмет көрсетуші компания тұтынушыларға екі тәулікке қажетті су қорын жинауға кеңес береді. Себебі құбырларға жіберілген соң судың құрамындағы хлордың деңгейі жоғары болғандықтан азық-түлікке қосуға немесе ішуге болмайды.
Монополист компания тұтынушыларынан келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.