• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Теміртау металлургия комбинатының автопаркі жаңа ауыр жүк тасымалдау көліктерімен толықты

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ауыр жүк автотехникасын сатып алу үшін 150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады. Екі «БелАЗ» бен үш «КамАЗ» металлургия комбинатының бірінші қайта бөлу цехтарында технологиялық тасымалға пайдаланылатын болады.
Жаңа автотехника эргономикалығымен ерекшеленеді және қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығына ие, сонымен қатар, компания жүргізушілерінің жұмысын жеңілдетеді әрі оны аса қауіпсіз етеді. «БелАЗ» қозғалтқышы іске қосылған кезде олардың өздігінен қосылуының алдын алатын беріліс қорабына бұғаттау қойылған, шанақты автобұғаттау, майлау және жапсарлас өрт сөндіру жүйесі бар. «КамАЗ» Евро-4 экологиялық талаптарына сай: шығатын жүйеге пайдаланылған газдардың қасиетін жоятын арнайы катализаторлар қойылған. Олар да жүргізушілердің демалуы мен еңбек режимін өлшейтін тахометрлармен жабдықталған.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «ArselorMittal» трансұлттық компания құрамына енеді жәнеде Қазақстандағы ірі тау-кен металлургиялық кәсіпорын болып табылады. Компанияның құрамына Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат, Қарағанды облысының 8 көмір шахталары, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір рудасын шығаратын 4 кен орны кіреді.