• 4142 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда StreetWorkout үшін жабдықталған арнайы алаң пайда болды

Қарағандыда Мұқанов көшесі мен Республика даңғылы қиылысында StreetWorkout (аулада жаттығу) үшін жабдықталған арнайы алаң ашылды.
Онда турниктер, гимнастикалық қоссырықтар және тағы да басқа спорттық құрылғылар орнатылған. Ол қаланың жастары жаңа ағымға бет алып, салауатты өмір салтын ұстануға баулиды. Әлеуметтік жоба ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен жүзеге асырылған. Воркаутерлер қозғалысы жастар арасында жыл сайын танымал болып келеді. Әзірге Қарағандыда аула спортын сүйер қауым үшін бұл жалғыз ғана орын. Жақын арада осы секілді алаңдар қаланың басқа аудандарында орнатылады деп жоспарлануда. Воркаут - ол әуесқой спорт түрі, дене шынықтырудың бір түрі. Онда жаттығушылар турниктерде, қоссырықтарда, швед кабырғаларында және тағы да басқа құрылғылармен жабдықталған аула спорт алаңдарында түрлі жаттығулар орындайды.
Көбінесе аула спортшылары өз салмағына басымдылық етіп, төзімділік пен күштерін шынықтырады.