• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

ЭКСПО-дағы Қарағанды облысының күндеріне қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады

Қарағанды облысы Астанада өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясындағы аймақтар күндерін аяқтады. Қарағандылықтар жауапты міндеттерін сәтті атқарды.

 

 

Алты күн бойы, 4-9 қыркүйек аралығында елорданың түрлі алаңдарында спорттық және мәдени шаралар өтті. Ол үшін Астанаға көптеген әртістер, спортшылар мен қолөнершілер, барлығы 1 700 адам келді. Қарағандылықтар астаналықтар мен Астана қонақтарының назарына музыкалық, хореографиялық, таетрлық, бейнелеу өнері және ұлттық спорт түрлерінен өз өнерлерін ұсынды.
Ұйымдастырушылардың алдын ала есептері бойынша, бұл шаралардың барлығын шамамен 40 мыңға жуық көрермен тамашалаған. Мерекенің шарықтау шегі - ЭКСПО аумағындағы «Сарыарқа - алтын тұғырым!» атты гала-концерт болды. Амфитеатр сахнасында облыстың үздік өнер иелері мен қарағандылық Қазақстан эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Гала-концертті 10 мыңнан аса адам тамашалады. Қарағандылық театрлардың қойылымдарына зал толық жиналды. Ұлттық және ат спорт түрлерін көруге мыңдаған көрермендер келді. Жарыстар алдында сопртшылар аңшы құстар мен тазы иттерді алып жүріп өтті.
«Қазанат» ипподромы аумағындағы этноауылда қолөнершілер шатыр тікті. Шеберлер Сарыарқа жерінің байлығын келушілердің назарына ұсынды.

- Қарағанды облысы - Қазақстанның индустриалдық ортасы ғана емес, ол бай мәдениетімен, тұрғындарының мықты рухымен ерекшеленеді. Қарағанды күні аясында ЭКСПО көрмесіне 1 700 астам адам келді, барлығы көрмені 200 мыңға жуық қарағандылық тамашады, - деді Ерлан Қошанов Қарағанды облысы күндерінің ашылу салтанатында.

Қарағандылықтар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына Сарыарқа тарихы туралы 100 кітапты табыстады.

Қорытындылай келе, облыс әкімі салтанатты шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

- Өткен аптада біз Астанада ЭКСПО аясында Қарағанды облысының күндерін өткіздік. Шаралардың жақсы дайындалғанын атап айтқым келеді, барлық қатысушыларға қолдағандары үшін алғысымды білдіремін. Астанада, Алматыда тұратын жерлестерімізге, әртістерге ерекше мереке үшін алғыс айтқым келеді, - деді Ерлан Қошанов.

Аймақ басшысы Қарағанды облысының күндерін өткізуге қатысқан барлық қатысушылар мен танымал әртістерге алғыс хаттарын дайындауды тапсырды.