• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда Геннадий Головкиннің жекпе-жегі үш LED-экранда көрсетіледі

Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) «T-Mobile» аренасында, 16-шы қыркүйекте (қазақстан уақыты бойынша 17-ші қыркүйекте), көпшіліктің асыға күткен қазақтың ұлы боксшысы Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль Алварестің жекпе-жегі өтеді.
Жерлесіміздің жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция 17-ші қыркүйекте 6:00-де басталады. Белгілі болғандай, Головкин мен Альварестің айқасы 8.50-де басталады.

Қарағандылықтар қаламыздағы алаңдардың біріне келіп, атақты жерлесіне қолдау көрсетуге шақырылады. ЛЭД-экрандар үш нүктеде - Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда, Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің және Достық үйінің жанында орнатылады. Бұл жерде жекпе-жектің тікелей трансляциясы ұйымдастырылады. 

Сонымен қатар трансляция С.Сәпиев атындағы Бокс орталығында да өтеді. Онда кіру ақылы болады. Билеттердің құны - 500, 800, 1 500 және 3 000 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы айқаста Геннадий Головкин конға WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулын қояды, ал Альварес болса - "The Ring" журналының нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін тігеді.
26-жасар Альварестің есебінде кәсіби рингте 49 жеңісі (34 нокаутпен), 1 жеңіліс, 1 тең ойын тіркелген. Ал 35-жасар Головкиннің қоржынында 37 жеңісі (33-і нокаутпен) бар, бірде бір жеңіліс тіркелмеген.
Геннадий Головкин өзінің "The Telegraph" газетіндегі сұхбатында ол өзінің бас жекпе-жегін әкесі мен бауырлары Вадим және Сергейге арнайтынын айтты.
9-шы қыркүйекте Геннадий Головкин мен оның жұбайы Алина қызды болды. Бұл Головкиннің отбасындағы екінші бала - атақты жұп сегіз жасар Вадим атты ұлын тәрбиелеп отыр.