• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда маркшейдерлердің халықаралық форумы өтеді

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 14-ші қыркүйекте «Геодезия, маркшейдерия және геотехнологиядағы инновациялық технологиялар» атты Халықаралық маркшейдерлік форум өтеді. Сонымен қатар Қазақстан маркшейдерлер Одағының ІІ съезі болады.
Шараға Халықаралық маркшейдерлер қауымдастығының (ISM) Президенті Анатолий Охотин қатысады деп күтілуде. Форумға Германия, Украина, Өзбекстан және Қазақстанның ғалымдары, Швейцария, Италия, Испания және Ресейдің маркшейдерлік-геодезиялық компанияларының өкілдері жиналады.
Қатысушылар тау-кен кәсіпорындарын өлшеу инновациялық технологияларымен жабдықтау проблемалары, аталмыш саланы дамыту әлеуеті туралы әңгіме қозғады. Форум аясында заманауи маркшейдерлік-геодезиялық құрылғылар көрмесі өтеді деп жоспарлануда.
Съезде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қатысты нормативтік құжаттар талқыланатын болады.