• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қазақ тілі қоғамы жаңа кеңсеге ие болады

Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында салтанатты шара өтті. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бұл мерекенің маңыздылығы туралы айтты. Ол мемлекеттік тілді насихаттаушыларға қолдау көрсетіп, оны үйренгісі келгендерге көмектесу керектігін атап өтті.
«Қазақ тілі» қоғамында өз кеңсесі жоқ екенін естіген соң, Ерлан Қошанов оған қажетті ғимарат табуды тапсырды.
- Біз бүгін тіл саясатын қолдау керектігі туралы жиі айтамыз. Осы жерде біз «Тіл жанашыры» сыйлығын табыс ету салтанатына жиналдық. «Тіл жанашыры» деген сөздің өзі тілімізге бар жанымызбен қолдау көрсетіп, жанымыз ашу керек дегенді білдіреді. Тілді үйренуге мониторинг жасаумен айналысатын арнайы орган немесе орталық құру қажет, - деді Ерлан Қошанов. – Жәнеде мен жуырда ғана Қазақ тілі қоғамында өз кеңсесі жоқ екенін білдім. Осылайша біз қолдау көрсететінімізді білдіріп жатырмыз ба сонда?
Облыс әкімі өзінің орынбасарына жақын арада бұл мәселені шешуді тапсырды.
«Қазақ тілі» халықаралық қоғамы 1989-шы жылы құрылған болатын. Қарағандыда оның филиалы қызмет етеді. Қоғам сөздіктер құру, ғылыми-әдістемелік құралдар мен оқулықтар шығарумен, қазақ тілін латын қарпімен оқуды насихаттаумен айналысады.