• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысында Сарыарқа пирамидасын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

 Қарағандылық археологтар 3000 жылдық тарихы бар Сарыарқа пирамидасын қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтады. Ол жайлы фэйсбуктегі парақшасында археолог Виктор Новоженов мәлімдеді.
«И.А. Кукушкиннің жетекшілігімен өткен экспедиция жаз бойы нысанды қайта қалыпқа келтруге дайындады. Күзде тарих ғылымдарының кандидаты, танымал археолог А.З. Бейсеновтың бастауымен мамандар тобы бұл жобаны аяқтады. Енді еліміздің туристік картасында жаңа бірегей еркерткіш – Беғазы-Дәндібай көсемінің кесенесі пайда болды! Алайда бұл ескерткіштің қазба жұмыстары әлі де жалғасады», - деп жазады Виктор Новоженов.
Осыған дейін мәлімделгендей, 2016-шы жылдың тамыз айында Қарағанды облысының Шет ауданында археологтар қола дәуіріндегі пирамиданы тапқан болатын. Бұл кесене Беғазы-Дәндібай археологиялық мәдениеті кезеңінде б.э.д. 15-20 (10) ғасырларда салынған.