• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық «Шахтердің» қақпашылар бапкеріне УЕФА дипломы берілді

 «Шахтер» ФК қақпа бойынша бапкері Валерий Ситало Украинада оқудан өтіп, біліктілігін арттырды. Ол «А» санатты қақпашылар бапкерлеріне арналған УЕФА дипломының иегері атанды.
«Курс 120 сағатқа шақталып, емтиханмен аяқталды. Онда әрбір бапкер арнайы таныстыруларын ортаға салып, сонан соң жаттығу өткізді. Емтихандар қорытындысы бойынша лицензия беру бойынша шешімді УЕФА өкілі қабылдады», - деп мәлімдеді клубтың баспасөз-қызметі.
Киевте 16 маман оқудан өткен.
Осылайша «Шахтер» ФК алдағы уақыттағы УЕФА талаптарына дайындалды – 2019-шы жылдан бастап кәсіби клубтардың қақпашылар бапкерлеріне арнайы лицензия алу міндетті талап болады.