• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық көмір кәсіпорындары өнім түсіруді ұлғайтты

 Қарағанды облысының әкімдігінде бүгін халықты көмірмен қамту үшін қандай шаралар қолданылып жатқаны туралы мәлімделді.
Облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша аймағымызда көмір тапшылығы жоқ. Әзірге қатты отынды түсіру нүктелерінде кезек сақталып тұр, бірақ ол жағдай, оның айтуынша, күннің ерте суытуымен байланысты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерлан Қошанов өзінің орынбасарларына жылыту маусымы қарсаңында халықты қолжетімді көмірмен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.
- Біз жеткізушілермен көмір тасу мәселесі бойынша екі кездесу өткізген болатынбыз, - деп мәлімдеді Алмас Айдаров. – Өндіруге қатысты еш қиындық жоқ, тіпті өткен жылмен салыстырғанда көмір өндірісі биыл ұлғайған. Бар қиындықтар жеткізу мен түсіруге келіп тіреліп тұр. Қазір облыста Ақмола облысынан келген 50 жүк көлігі кезектерін күтуде.
Кезекті қысқарту үшін «Шұбаркөл Көмір» компаниясы өз өнімдерін тәулік бойы түсіруге кіріскен. Күн сайынғы көлем 550 тоннаны құрайды. Күніне кәсіпорын базасына әрқайсысы 60 тоннаны құрайтын 15 вагон көмір келіп отырады.
Басқа да көмір өндіруші кәсіпорындарға келер болсақ, мұнда да жұмыстарды барынша үдетуге тырысып жатыр. Мысалы, «Рапид» ЖШС қазан айының басынан бастап көмір өндіруді 18%-ға ұлғайтқан. Төрт жүк тиеуші техника тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Халыққа арналған көмірді түсіру көлемі тәулігіне шамамен 85 тоннаны құрап отыр.
«SatKomir» ТКК ЖШС-де үш жүк тиегіш машина және алты экскаватор жұмыс істеп жатыр. Көмір түсіру көлемін ұлғайту үшін бұл техникаларға тағы да қосымша екі экскаватор қосылған. Кәсіпорында тәулігіне 1000 тонна қатты отын тиелуде.
«Молодежный» және «Қу Шоқы» разрездерінде көмір өндіру және тиеу штаттық кесте бойынша жүргізілуде, әрбір разрезде екі экскаватордан және екі түк тиегіш машинадан жұмыс жасап жатыр.
Ерлан Қошанов қарамағындағы қызметкерлерге жағдайды сараптап, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырып, көмір өндіруші кәсіпорындардың қысқа дайындығының әлсіз жақтарын анықтауды тапсырды.