• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Ерлан Қошанов оңалту орталықтарының жартылай бос болғандығына байланысты әлеуметтік қызмет жұмыстарына наразылығын білдірді

 Биылғы жылдың мамырында Қарқаралыда бірінші және екінші топ мүгедектеріне арналған жаңа оңалту орталығы ашылған болатын. Ол 64 емделушіге шақталған жәнеде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған барлық керек-жарақпен қамтылған. Алайда бүгінгі таңда орталықта оңалтудан небары үш-ақ адам өтіп жатқан екен.
Бұл жағдайды облыс әкімі Ерлан Қошанов тексерген.
- Қарқаралыда мамырда оңалту орталығы ашылған болатын, - деп еске салды аймақ басшысы. – Ия, орталық шынымен де жақсы және қажет. Алайда ол жерде оңалтудан бар болғаны 22 адам ғана өткен. Неліктен? Неге орталық бос тұр? Ондай болатын болса, неліктен үшінші топ мүгедектерін оңалтудан өткізбейсіздер? Қазір ол тек бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ғана қолжетімді болып тұр.
Жақын арада орталыққа мүмкіндігі шектеулі тағы сегіз науқас келіп түсуі тиіс. Алайда, жұмысты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар облыстық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Максим Галиуллин айтқандай, орталыққа жіберу механизмін қайта қарастыру қажет. Орталық ашылмас бұрын әлеуметтік қорғау демартаментінде жеке оңалту жоспарын құру керек болатын. Алайда ол міндетті мамандар атқармаған. Онысын жыл басында денсаулық сақтау басқармасына хат жолдағанымен, жәнеде ол хатқа жауап алмағандығымен, қолдау көрмегендерімен түсіндіріп отыр.
- Мұның барлығы сіздердің бұл проблемаға жауапсыз қарауларыңыздан! – деп наразылығын білдірді облыс әкімі. – Мемлекеттік бюджеттен қаншама қаржы жұмсадық, ал сіздер болсаңыздар бір хатты ведомстводан ведомствоға тасып әлек болып жүрсіздер. Адамдар бұл көмекке зәру, күтіп отыр ғой.
Ерлан Қошанов Максим Галиуллинге және жұмысты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлеріне алдағы күндері Қарқаралыға барып, бұл жағдайды жеркілікті жерде шешуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, орталықта барлығы 64 пациент орналастырыла алады, оның ішінде 15 арбаға таңылған жандар. Оларға терапевтік, неврологиялық, ортопедиялық және травмотологиялық көмек көрсетіледі. Мекемеге емделуге түсу үшін жеке оңалту бағдарламасын алу керек. Ол үшін МӘС (медициналық әлеуметтік сараптама) анықтамасы, ДКК (дәрігерлік-кеңестік комиссия) шешімі мен әлеуметтік қорғау департаментінің анықтамасы қажет. Әдетте оңалту курсы науқастың диагнозына байланысты екі аптадан жарты жылға дейін созылады.