• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандылық Жансай Смағұлов дзюдо бойынша халықаралық турнирде алтын иеленді

 Ташкент қаласында 6-8 қазанда кезекті дзюдо бойынша Гран-при сериялы халықаралық турнир өтті. Сайыстың жүлделік қоры 100 000 долларды құрады. Бұл біріншілікте алтын медальді қарағандылық Жансай Смағұлов жеңіп алды.

Бұл турнирге 27 елден келген 183 спортшы қатысты. Сайыс үш татамиде өтті (ақтық блок бір татамиде). Жекпе-жек уақыты – ерлерде бес минут, әйелдерде төрт минут.
Қазақстан құрамасының қатарында Қарағанды облысынан төрт өкіл болды. Әйгерім Төреғожина (48 кг), Абылайхан Шаратов (60 кг), Жансай Смағұлов (73 кг) және Ислам Бозбаев (90 кг).
Жарыстың біріші күнінде Абылайхан Шаратов қола медальді жеңіп алды. Турнирдің екінші күнінде Жансай Смағұлов ақтық сайыста IJF әлемдік рейтінгінде 11-ші орынды иеленетін Өзбекстанның спортшысын жеңіп, алтын жүлдегер атанды. Қарағандылық дзюдошыны Қайдар Қанжанов жаттықтырады. Жансай Смағұлов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадаға қатысқан, 2017-ші жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.