• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандының Оңтүстік-Шығысында 100 ағаш отырғызылады

 12-ші қазанда халықаралық Орман күні аясында Қарағандыда «Жасыл белдеу» экологиялық акциясы өтеді. 12.00-ден 15.00-ге дейін қатысушылар Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында 100 ағаш көшеттерін отырғызады.
Акция Кеншілер даңғылы, 66 мекенжайы бойынша, №102 мектеп-гимназиясының маңында отырғызылады. Ағаш отырғызумен қоса, мұнда сайыстар, флеш-моб және басқа да көптеген шаралар ұйымдастырылады. Акцияға қатысушылар «Ең жақсы торғай үйшігі» байқауында сайыса алады. Ол үшін кез-келген материалдан өз қолыңызбен жасалған торғай үйшігін алып келу қажет. Байқау жеңімпазына сыйлық табыс етіледі.
«Жасыл белдеу» акциясын Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасының қолдауымен қарағандылық Экомұражай өткізеді. Шара қаланы абаттандыру бір айлығы және жоспарлы күзгі ағаш отырғызу шеңберінде өтеді.
Анықтама телефондары: 41-33-44, +7 705 251 15 64.