• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Сәтпаев қаласында Достық үйі ашылды

 Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында Рухани келісім күні қарсаңында Достық үйі ашылды. Енді бір шаңырақ астында аймақтың барлық этномәдени орталықтары жиналады. Кеншілер қаласында орыс, украин, татар және корей орталықтары, сондай-ақ Балтия халықтарының ынталы топтары жұмыс істейді.
Достық үйін ашу мәселесі бұрыннан пісіп жетілді, деп атап өтті Сәтпаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов.
- Рухани келісім күні – мейірімділік және бірлік мерекесі қарсаңында біз осы нысанды ашып отырмыз, - деді қала басшысы. – Меніңше барлық этномәдени орталықтар үшін бұл үлкен маңызға ие. Мұнда жұмыс үшін барлық жағдай жасалған – акт залы, әдістемелік кабинет, кітапхана, ана тілін оқып-үйретуге, жас ұрпақты ұлттық мәдениетке баулуға арналған оқу сыныбы бар.
Достық үйі этнос аралық қарым-қатынасқа, қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен өзара серіктестікті нығайту үшін ашық алаң болатынына ол сенімін білдірді.
Достық үйі «Қазақстан халықтарының рухани, қоғамдық және ұлтаралық ынтымақтастығы орталығы» КММ құзырында. Қаланың этномәдени бірлестіктерінен бөлек, мұнда «Шындық» шығармашылық зиялылар қоғамдық ұйымы және өмірлік қиындыққа тап болған әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейтін болады.
Достық үйінің ашылуымен Сәтпаев қаласының тұрғындарын Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Секретариатының жетекшісі Ерлан Құсайын құттықтады. Қарағанды облысы әкімінің атынан ол жаңа мекемеге Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағын сыйға тартты.
Қазақстанда Рухани келісім күні жыл сайын 18-ші қазанда атап өтіледі. Ол ұлттық мереке дәрежесіне ие. Бұл күні 1992-ші жылы Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Бүкіләлемдік рухани келісім конгрессі өткен. Оған қатысушылар қақтығыстар мен келіспеушіліктерге мараторий жарияланған күнді, татулық, мейірімділік және жақынға көмек көрсету күнін Рухани келісім күні етіп бекіту туралы манифест қабылдады.