• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Шет ауданының тұрғыны облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жаңа жәдігерлер сыйлады

 Қарағандының тарихи-өлкетану мұражайында Шет ауданының тұрғыны сыйлаған жаңа жәдігерлер пайда болды.
Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Тілеуғабыл Есенбеков бүркітішілер ұрпағы. Ол бүркітшілер арасында өткізілген «Салбурын» халықаралық байқауын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Ақсақал бүркітпен аң аулауға арналған түрлі жабдықтарды мұрайжайға табыс етті: томаға, балдақ, жем сапты аяқ, аңға арналған киім, кітаптар мен түрлі халықаралық байқаулардан жиналған суреттер. Ол өзінің топтамасын бірнеше жыл бойы жинаған.
- Мен мұражайға сыйға тартқан барлық заттар ұрпақтар үшін қызықты болады деп ойлаймын. Бүркітпен аң аулау – көнеден келе жатқан дәстүр. Оның тарихы қола дәуірден басталады, - дейді Тілеуғабыл Есенбеков.
Бүркітпен аң аулау – қазақ мәдениетінің бір бөлігі. Ертеде жақсы құс пен жүйрік ат өте қымбат болған жәнеде иесінің мәртебесін жоғарылатқан. Бүркітшілер – құсты аулап, оларды аңға шығуға үйрететін кәсіби мамандар.