• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда танымал өлкетанушы Юрий Поповтың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді

 Қарағанды қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапханада Юрий» Поповтың қос мерейтойына арналған «Патриот, ғалым, өлкетанушы» деген атаумен шығармашылық кездесу өтті. Осы жылы ол 80 жасқа толды, жәнеде өз өлкесін зерттеуге бағыттаған шығармашылық жұмысын бастағанына 55 жыл болған екен.
Танымал өлкетанушы, Қарқаралы ауданының құрметті азаматы Юрий Попов қазір Санкт-Петербургте тұрады. Алайда Қарағандымен үнемі байланыста болады екен. Сарыарқаның тарихымен байланысты бірегей материалдарды зерттеуші ресейлік мұрағаттардан іздейді.
2017-ші жылы оның кезекті кітабы - «Рудник Семизбугы и его люди» туындысы жарық көрген. Онда Семізбұғы корунд кен орнының және онымен көршілес орналасқан Бұқар Жырау ауданының Озерное ауылының тарихы туралы баяндалады. Кітапта келтірілген әңгіменің негізіне мұрағаттық құжаттар, баспа өнімдерінің материалдары, кен орнын бірінші ашқан Н. Наковникпен, кен орнының жұмыскерлерімен және олардың ұрпақтарымен өткізген әңгімелері алынған. Бұл кітаптың материалдарын автор ондаған жылдар бойы жинаған.
- Юрий Григорьевич Поповтың шығармашылық қызметі шынымен де шексіз және оған баға беру қиын. 25 жасынан бастап өзінің өмірін ол туған өлкесін зерттеуге жұмсаған. Ол осы жерге, осы аймақтың даңқын асқақтатқан тұрғындарына тәнті болған, - деді шығармашылық кездесуде кітапханашы Людмила Карпун.
Кездесуге мектеп оқушылары қатысты. Өлкетанушымен біріге атқарған қызметі және достығы туралы танымал қарағандылық журналист Екатерина Кузнецова айтып берді.
Ғалым жерлестеріне өзінің үндеуін жіберген екен. Хатты оның ұлы Павел Попов оқып берді. Көбінесе оның жазбасы жастарға арналған.
«Қазақтың ғасырлар бойғы тарихында Сарыарқа географиялық және геологиялық ерекшеліктерімен, шаруашылық қамқорлығымен, қоғамдық қарым-қатынасымен, түрлі ұлттардан құралған халықтардың айрықша ділділігімен танымал болған, - дейді автор. – Өлкетану, ол дегеніміз ержүректіктің, рухани патриотизмнің, жігерліліктің және өмірлік белсенділіктің көрінісі».
Жастарға 5-ші арна түсірген «Копай-город, которого нет» атты деректі фильм көрсетілді. Ол Қарағандының пайда болуына арналған – өзінің 28-бис шахтасы (Копай-город) кенті туралы естеліктерімен Юрий Попов бөліскен.
Юрий Попов 1937-ші жылдың 27-ші қыркүйегінде Қарағандының 18-бис шахтасы кентінде жер аударылғандар отбасында дүниеге келген. И.А. Крылов атындағы №3 мектепте оқыған. Қарағанды политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған. К.Горбачев атындағы шахтада, КСРО ҒА ХМИ, КНИУИ жұмыс істеген.
500-ге жуық еңбектердің, оның ішінде Қазақстан туралы жеті кітаптың авторы. Топонимика, Орталық Қазақстан қалалары мен ауылдарының даму тарихын зерттеген. Оннан астам деректі фильмдердің түсірілімдеріне қатысқан. 2000-шы жылы "Лиза из Волока« зерттеу жұмысы үшін Салтыков-Щедрин атындағы жыл сайынғы әдебиет сыйлығының лауреаты атанған. Ресейлік тарихи қалалар мен аймақтар Одағының «Ресей халықтарының мұрасына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. 2005-ші жылдың 15-ші шілдесіен бастап – Қарқаралы ауданының құрметті азаматы.