• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Көмірге деген сұраныс дүрлікпесі неге байланысты

 Облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров аймағымызда орын алған көмір мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл проблемаға байланысты өткізілген баспасөз конференциясында ол көмір тапшылығы жоқ деп атап айтты.
- Барлықтарыңызға белгілі, қазіргі уақытта халыққа қажет көмірге сұраныс жоғарылап кетті. Бірінші кезекте, айтайын дегенім, облысымызда көмір өндіруде проблемалар жоқ. Соңғы 9 ай қорытындысы бойынша бізде көмір өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 млн тоннаға ұлғайды. Жылыту маусымына қарсы барлық әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысандар көмірмен қамтамасыз етілген.
Дегенмен, облыс әкімінің орынбасары жеке сектор тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуде белгілі-бір қиындықтар барын мойындайды.
- Биылғы жылы қыркүйекте кенеттен күн суытып кетті. Сондықтан көмірге деген сұраныс та екі-үш есе ұлғайды. Көмірге қатысты дүрбелең оны сатып аламын деушілер қатарының қалыңдығына байланысты туындап отыр. Нәтижесінде, көмір сату нүктелерінде жүк көліктерінен құралған кезек ұзарып кетті. Ол тиеу мүмкіндіктерінің шектелуіне қатысты.
Алмас Айдаровтың айтуынша, қазір кәсіпорындар көмір жөнелтілімін ұлғайтқан. Мысалы, «Шұбаркөл Көмір» компаниясының сатылым нүктелері екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Жұмыскерлер көмірді күндіз-түні жөнелтуде. Егер осыған дейін олар шамамен 50 жүк көліктерін тиесе, қазір бұл көрсеткіш 150-ге дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар «Шұбаркөл Көмір» компаниясы күн сайын Қарағандыға көмір тиелген 25 вагон жөнелтіп отырады.
— Біз бұл жағдай бір апта көлемінде түзеледі деп күтудеміз, - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. – Оған қоса Қарағандыда ауа райы да жылыды. Көмір сату жыл бойы жүргізіледі, бітіп қалуы мүмкін емес. Қазан, қараша және желтоқсан айларында көмір әдеттегі режиммен қазіргі сатылып жатқан нүктелерде сатылатынын болады.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ бірінші вице-президенті Андрей Сафонов кәсіпорын кенеттен көмір экспортын ұлғайтты деген ақпараттың жалған екенін айтты.
- Бұрын Қазақстанның ішкі нарығындағы сұраныс 2 млн 700 – 2 млн 800 тоннаны құраса, былтырғы жылдың өзінде-ақ ол 3 млн тоннадан жоғары болып өсіп кеткен болатын, - деп түсіндірді ол. – Ағымдағы жылдың 9 айында ішкі нарықта тек қана коммуналды-тұрмыстық сектордың өзінде сұраныс 117 мың тоннаға өсіп кеткен еді. Экспорт сол қалпында қалды. Бірақ біз оны қазіржылжымалы составпен қиындықтар туындап тұрғандықтан орындап жатқан жоқпыз. Бұрын біз өз бетінше шығарып алушыларға тәулігіне 1600 тоннаға дейін жүктесек, қазір тәулігіне 4500-4900 тонна тиейміз. Мұны қадағалау мүмкін емес, себебі адамдар келіп, кезекте тұрады. Біз оларды үш тәулік бойы ұстап тұра алмаймыз. Биылғы жылы тұтынушылардың сұранысы ерекше ұлғайып кетті.
«Жалынды Отанның» коммерциялық директоры Александр Попковтың айтуынша, кәсіпорынның қоймасында бес мың тонна көмір бар.
- …Алайда оны ешкім алғысы келмейді, барлығына вагоннан жаңа түскен ірі көмір қажет. Егер біз резервтерден екі сағаттың көлемінде жеке тұлғалар үшін өзі алып кететін жүк көліктерін тией алсақ, жылжымалы составтан қатты отын алғысы келетіндерге күтуге тура келеді. Негізінен ол басқа аймақтардан келген тұтынушылар.
Осыған дейін хабарланғандай, 100-ге жуық жүк көліктері Қарағанды облысыынң көмір сату нүктелерінде жиналып қалған болатын. Өз кезегін күтіп тұрған сатып алушылардың 60 пайызы басқа аймақтардан: Қостанай, Астана, Қызылорда және Ақмола облысынан келгендер. Оларға вагондардан түсірілген ірі фракциялы көмір қажет болды.
Баспасөз конференциясында мәлімделгендей, жеке тұлғалар арасында көмір сатып алу дүрбелеңі үйлер мен кәсіпорындарда ұзақ жанатын пештердің орнатылуымен байланысты болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар дүрлікпе потенциалды коммециялық пайдамен де байланысты болғанын жоққа шығаруға болмайды. Үлкен кесектерді сәл үгітіп, тиімді бағамен сатуға болады.
Көмір бағасы биыл тоннасына 8000-11000 теңгені құрайды.