• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда №28 автобусының бағыты күзгі жәрмеңкеге жеткізілетіндей етіп өзгертіледі

 14-ші қазаннан бастап облыс орталығында күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі жұмыс істей бастайды.
Осыған байланысты, қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін №45, 145, 012, 70, 55, 9 қала маршруттарының кестелері 50-ден 70 бірлікке дейін ұлғайтылады деп хабарлайды Қарағанды қаласының әкімдігі.
Қосымша түрде, Майқұдық және Михайловка тұрғындары үшін №28 тұрақты қалалық маршрутының схемасы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне бұрылатындай етіліп өзгертіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда жәрмеңке Олимпийская көшесінде 14-ші, 21-ші қазанда және 11-ші қарашада өтетін болады. Жезқазған, Саран, Шахтинск, Сәтпаев, Теміртау, Балқаш, Қаражал және Приозерскіде жәрмеңке 4-ші қарашада өтеді.
Келушілер ет, сүт өнімдерін, көкөністер мен балықты жергілікті тауар өндірушілерден төмен бағамен сатып ала алады. Өнімдер облысымыздың барлық аудандарынан жеткізіледі.