• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыға гастролдерімен Горкий атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театры келеді

 Қарағандыға Астанадан гастролдерімен М. Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театры келеді. 20-шы және 21-ші қазанда көрермендер назарына «Снежная королева» ертегісі, М. Булгаковтың романы желісі бойынша қойылған «Мастер и Маргарита» спектаклі және «Смешные деньги» комедиясы ұсынылады.
«Снежная королева» ертегісі - 20,21 қазанда, басталуы 11.00-де.
«Мастер и Маргарита» спектаклі - 20 қазанда, басталуы 19.00-де.
«Смешные деньги» комедиялық спектаклі - 21 қазан, басталуы 19.00-де.
Таңертеңгі спектакльдерге билеттердің құны 500 және 600 теңге. Кешкілері – 1000 және 1500 теңге. Қойылымдар К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрының ғимаратында, Бейбітшілік гүлзары, 19 мекенжайы бойынша өтеді. Анықтама телефондары: 8 (7212) 30-12-04, 8-701-620-04-08;8-775-984-57-45.
Қазақстанның ең ескі театрларының бірі – М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры ХІХ ғасырдың соңында құрылған болатын. Қазір театрдың репертуарында отандық және әлемдік драматургия туындылары бойынша қойылған 30-ға жуық спектакльдері бар.