• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«АрселорМиттал Теміртау» мырыштау желісін жаңғыртуды жалғастырады

 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бірнеше жылда ыстық мырыштау және алюминдеу цехтарының (ЫМАЦ) өндірістік желілерінің жабдықтарын жаңартуға 9 млн доллар жұмсаған. 2018-2019 жылдардың жоспарлары бойынша жаңғырту жұмыстары жалғастырылады, деп мәлімдеді компанияның баспасөз-қызметі.
«Биылғы жылы дайын өнімнің сапасын жақсартуға, өндірістік желіні, жабдықтардың жұмыс сенімділігін арттыру мен экологияға келеңсіз әсерді төмендетуге бағытталған сегіз инвестициялық жоба бөлімшеге енгізілген», - деп хабарланды баспасөз парағында.
Өткен жылдары мырыштау ваннасының қаптамасын толық ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Компанияның алдағы жоспары – басты жетек желілерін қайта қалыпқа келтіру, құрылғылардың гидроавтоматикаларын және т.б. жаңарту.
- «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жыл сайын кәсіпорынның негізгі қорларын жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде инвестициялық бағдарлама аясында үш домна пеші қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндеуден өтті, екі агломашина жаңартылды, кокс-химия өндірісінің машиналары ішінара ауыстырылды. Қазіргі уақытта компанияда илектеу қайта бөлуді жаңғыртуға бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаны іске асыру жүргізілуде, - деп мәлімдеді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин
ЫМАЦ құрамында жалпы қуаттылығы жылына 620 мың тонна үнемі астық алюминмырыштаумен айналысатын екі агрегат, сондай-ақ көлденең кесу агрегаттар, пішін игіш агрегат, жылына 85 мың тонна жобалық қуаттылығы бар полимерлік қаптама жесілі бар. Мырышталған қабаты бар болат жоғары қосалқы құны бар өнім болып табылады, сондықтан одан түсер пайда да жоғары.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «ArselorMittal» трансұлттық компания құрамына енеді жәнеде Қазақстандағы ірі тау-кен металлургиялық кәсіпорын болып табылады. Компанияның құрамына Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат, Қарағанды облысының 8 көмір шахталары, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір рудасын шығаратын 4 кен орны кіреді.