• 4352 барлығы
  • 14 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Комиссия «АрселорМиттал Теміртауда» болған топтық жазатайым оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр

 Газ құбырында болған оқыс жайттың салдарынан 6 адам зардап шеккен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат департаментінде орын алған жазатайым оқиғаны тергеу бойынша комиссия құрылды. Ол жайлы брифинг барысында Қарағанды облысы бойынша индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік Комитетінің Департамент басшысының міндетін атқарушы Станислав Сытник мәлімдеді.
- Бүгін «АрселорМиттал Теміртаудың» болат демартаментінің коксхимиялық кәсіпорнында топтық жазатайым оқиға орын алды. Онда 6 адам зардап шекті. Жұмыскерлер ішінде араласқан газ бар диаметрі 800 мм газ құбырында қақпаша орнатып жатқан болатын. Орнату барысында жарылыс болып, от лаулай бастаған. Нәтижесінде адамдарға темиялық әсер тиген, - деді Станислав Сытник.
Ол еңбек заңнамасына сәйкес топтық жазатайым оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін комиссия құрылғанын айтып жеткізді. Оның құрамына индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік Комитетінің Департамент, еңбек инспекциясының қызметкерлері, компания және кәсіподақ өкілдері кірді.
Бейсенбі, 12-ші қазанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат департаментінде №1 газ құбырында жұмыстар жүргізілу барысында газдың қысқамерзімді тұтануы болды. Нәтижесінде алты адам зардап шекті: газ цехінің төрт жұмыскері, кокс цехінің бір қызметкері және газдан құтқару қызметінің маманы. Зардап шеккендер Теміртау қаласының Орталық қалалық ауруханасына және Мақажанов атындағы облыстық травмотология және ортопедия орталығының күйік бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, үш адам жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Қалған үш қызметкерлердің күйік шалу дәрежесі 5-тен 10%-ға дейін жетеді, олардың жағдайын медиктер орташа деп бағалайды.