• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Жезқазғанда балалар нейрооңалту орталығы ашылады

 Мемлекеттік - жекеменшік серіктестік бағдарламасы шеңберінде Жезқазған қаласының орталық ауруханасының негізінде желтоқсан айында «Аура Мед» балаларға арналған нейрооңалту орталығы ашылады.
Жаңа орталық 40 орынға шақталған. Онда физиотерапия, емдік денешынықтыру кабинеттері, сонымен қатар орталық жүйке жүйесі және тірек-қозғалу аппараты бұзылған балаларға арналған терапия бөлімі жұмыс істейтін болады.
Жылына бұл орталықта Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, Арқалық және Жәйремнен келген 1 000-ға жуық бала емделіп, оңалтудан өтеді деп жоспарлануда. Орталық Жезқазған қаласының ауруханасы базасында орналасқан.
Жобаның құны - 60 млн теңге.
Сондай-ақ мемлекеттік – жеке меншік серіктестік бағдарламасы шеңберінде Жезқазған қаласында 2018-ші жылы ересектерге арналған нейрооңалту орталығы ашылады деп жоспарланып отыр.
Жоба аймақ басшысының көңілінен шықты. Ерлан Қошанов облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісіне осы секілді тәжірибені облыстың басқа да аудандарында енгізу туралы ұсыныс жасады.
- МЖС жобаларын кеңейту керек. Мүмкін осы компанияның басшылары облысымыздың басқа да қалаларында филиалдарын ашқысы келетін шығар, мысалы Балқашта, - деп атап өтті Ерлан Қошанов. – Бұл өте маңызды және қажетті іс.
Айта кету керек, Жезқазған аймағының дамуының үш жылдық жоспарында денсаулық сақтау саласында жалпы сомасы 875,4 млн теңгені құрайтын 6 жоба қарастырылған.
Мемлкеттік – жеке меншік серіктестікті дамыту бағдарламасы шеңберінде Жезқазған қаласының орталық ауруханасында тамызда құны 150 млн теңгені құрайтын МРТ заманауи аппараты бар диагностикалық орталығы ашылған болатын.
Перинатальдық орталыққа жалпы сомасы 90,9 млн құрайтын медициналық жабдық орнатылды.
Сонымен қатар қаланың барлық мектептерінде қазіргі таңда медициналық кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен қаматамасыз етілген.