• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Осакаровка тұрғындары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне өздерінің «Өрлеу» бағдарламасына қатысатындары туралы айтты

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Осакаровка ауылында болды. Министрге ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру, және үш жыл бұрын іске қосылған «Өрлеу» баңдарламасы оларға өз ісін бастауда қалай көмектесетіні жайлы айтылды.
Тамара Дүйсенованы ауыл тұрғындарына жұмыс табуда қандай көмектер көрсетілетіндігі қызықтырды. Және өз бизнесін бастау үшін қанша ауыл тұрғыны шағын несие алғаны.
- Біз маңызды қызметтер тізімін жасадық,-дейді Осакаровка ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Башаров. – Олардың 90% жуығы білім саласында, сондай-ақ медбикелер, медицина қызметкерлері қажет. Алайда, біз ауыл шаруашылығы ауданы болғандықтан, негізгі жұмысқа орналасу мерзімі мамыр айы. Ол кезде камаз жүргізушілері, тракторшылар, комбайнерлар, егістікте жұмыс жасайтын адамдар керек. Бүгінге дейін 668 жуық адам жұмысқа орналастырылды.
- Ал қалғандарымен не істемексіздер? Шашамен сіздерде жалпы халықтың тек 30% ғана жұмысқа орналастырылған,-деп сұрады министр.
- Қалғандарын басқа жұмыстарға тартатын боламыз: тәжірибелерін арттыруға, оқуға, қоғамық жұмыстарға. Сонымен қатар бізде 216 050 000 теңге сомасында 88 шағын несие берілген.
Тамара Дүйсенованың сөзінше, тәжірибе арттыру, оқу және қоғамдық жұмыстар уақытша нәрсе, олай болса уақыт өткен соң ол адам тұрақты жұмыс табу үшін қайта халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Министр жұмысқа орналастыру мәселесіне қатысты көмектер жайлы ойлауға кеңес берді. Яғни оқып келген немесе тәжірибеден өткен адам тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс.
Сондай-ақ министр 2015 жылы басталған «Өрлеу» бағдарламасының қалай іске асып жатқандығымен танысты. Бағдарламаның негізгі мақсаты - отбасы мүшесінің бірінің табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен (биылғы жылы оның көлемі 9784) 60% төмен болса, сол адамдарға қаржылай көмек көрсету. Алушылар бөлінген қаржыны өз ісін бастауға, құрал-жабдық, техника немесе мал сатып алуға жұмсаулары тиіс. Басқаша сөзбен, бұл адамдарға өздігінен қаржы табуға бағытталған, осылайша олардың әлеуметтік аз қамтылғандар қатарынан шығуларына септігін тигізеді.
Осакаровка тұрғыны Наталья Федулова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне өзінің «Өрлеу» бағдарламасына қатысуы жайлы баяндап берді.
- Бұрын мен жұмыс істемедім, екі баламды бақтым және әлеуметтік мекенжай көмегін алып отырдым,-деді Наталья. – Үш жыл бұрын жәрдемақымды алуға барғанда, маған «Өрлеу» бағдарламасы жайлы айтты. Менің мамандығым - шаштараз, сондықтан ол мен үшін өз ісімді бастауға жақсы мүмкіндік деп шештім. Маған бөлінген қаржыға керек-жарағымды – шаш алатын машина, қайшы және басқа заттарды алдым. Қазір сұлулық салонында бір орынды жалға алып, осымен үш жыл болды өзіме еңбек етудемін. Болашақта бұл ісімді дамытамын деп ойлаймын.
Жұмыс сапарын қорытындылай келе, Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамту ортылығының қызметкерлеріне тек қана ауыл шаруашылығына ғана қатысты емес басқа да жұмыстарды қарауды, жәнеде аудан тұрғындарының көп бөлігін жұмысқа орналастыру жөнінде ойлауды тапсырды.