• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Жезқазғанда инвесторлар форумын өткізу жоспарланып отыр

 Жезқазған аймағына инвесторларды жұмылдыру үшін қала басшылығы инвестфорум өткізуді жоспарлап отыр. Ала да облыс әкімі бұл мәселеге анағұрлым жауапты қарап, тыңғылықты дайындық жасауды тапсырды.
- Идея, әрине, жақсы. Алайда оған тек жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторларды шақыратын болсаңыздар, одан пайда болмайды, - деді аймақ басшысы Ерлан ҚошановЖезқазған аймағын дамытудың үш жылдық жоспарының орындалуы бойынша жиналыс барысында. – Тыңғылықты дайындалу керек, жақын және алыс шет елдерден инвесторларды шақыру қажет. Жергіліктілер онсыз да Жезқазғанның дамуына қатысты жұмыстарды біледі және сол бағытта қызмет істеп жатыр. Мен өзімнің орынбасарым Алмас Айдаровқа және өнеркәсіп, кәсіпкерлк басқарламарының басшыларына бұл мәселемен айналысуды тапсырамын. Егер дайындық жұмыстарына қосымша уақыт қажет болса, форумды сәл кешірек мерзімге жылжытыңыздар.
Жезқазған аймағын дамытудың үш жылдық жоспарына қатысты атқарылып жатқан шараларды талқылау барысында аймақ басшысы кейбір мәселелер бойынша ескертулер жасады, оның қатарында кәсіпкерлікті дамыту саласы болды.
- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері, 2010-шы жылдан бастап жалпы сомасы 5,9 млрд теңгені құраған 124 жоба қолдау алған, - деп мәлімдеді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева. – Қосымша түрде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауға бөлінетін Ұлттық қордың қаражаты аймақтың кәсіпкерлеріне қосымша ынталандыру болады. облыс бойынша 21 жоба қарастырылады, оның ішінде біреуі Жезқазғаннан.
- Неліктен осынша аз? Бұл неге байланысты? – деп сұрады Жезқазған әкімінен аймақ басшысы. – Біз өз тарапымыздан аймақтың дамуы үшін барылығын жасауға тырысып жатырмыз. Ал сіздер болсаңыздар беріліп отырған қаражатты игере алмай жатырсыздар. Бір жоба дегеніміз өте аз. Бұл бағытта жұмыс атқарылуы тиіс.
2017-2019 жылдаға арналған Жезқазған аймағын дамыту бойынша атқарылатын шаралар жоспарында жалпы сомасы 75,7 млрд теңгені құрайтын 16 бөлімге бөлінген 452 шара қарастырылған.
2017-ші жылы жалпы сомасы 11 млрд теңге болатын 173 шара жүзеге асырылуы тиіс. Ағымжағы жылдың соңғы 10 айында белгіленген 173 шараның 82-і орындалды.
Ескертулер көлік, жұмыспен қамту және құрылыс салаларына қатысты айтылды.
Сонымен қатар аймақ басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау бойынша жұмыстарды үдетуді тапсырды.
- Бұл Елбасының бастамасымен енгізілген бағдарлама, ол өте маңызды, - деді Ерлан Қошанов. – сіздер атқарылған жұмыстарыңыз туралы уақытыл есеп беріп отыруларыңыз керек. Сонымен қатар «Азаматтық бастамалар күнін» өткізу керек. Қарағандыда осындай шараның арқасында көптеген жақсы ойлар айтылды. Бүгін біз аралық жиналыс ұйымдастырып отырмыз. Жыл соңында әрбір мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын саралайтын боламыз. Сол кезде алға қойылған мақсаттарды қаншалықты жақсы орындағандарыңыз көрнеді.