• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Еңбек және әлеуметтік көмек министрі қарағандылықтарға атаулы әлеуметтік көмек қалай өзгеретіні туралы айтып берді

 Еңбек және әлеуметтік көмек министрі Тамара Дүйсенова өзінің Қарағанды облысына жасаған іс сапары барысында кеншілер шаһарының әйелдер қаумымен кездесу өткізді. Қарағандылықтарға ол атаулы әлеуметтік көмек көрсету форматы және зейнетақының есептелуіне енгізілетін өзгерістер туралы түсініктеме берді.
Тамара Дүйсенова бүгінгі таңда әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде бар проблемалармен бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі атаулы әлеуметтік көмек көрсету форматы көптеген маңызды аспектілерді қамтымайды екен. Мысалы, кедейшіліктің пайда болу себептері, сондай-ақ түрлі аз қамтылған жіне көпбалалы отбасыларындағы өмір шарттары.
- Қазіргі біздің атаулы әлеуметтік көмек көрсету форматымыз, былайша айтқанда, «ақшаны беру және ұмыту» принципін ұстанады, - деді министр. – Бқз оны өзгертеміз. Бұдан былай белгілі бір отбасында кедейшіліктің, жұмыссыздықтың пайда болу себептері анықталатын болады.
Жаңа атаулы әлеуметтік көмек көрсету форматы қарапайым, бірақ тиімді болады. 2018-ші жылдың басынан атаулы әлеуметтік көмек көрсету екі т.рге бөлінеді: шартсыз және шартталған. Шартсыз көмек отбасында ешкім жұмыс істеуге қауқарлы емес болса беріледі. Ал шартты әлкеуметтік көмек жанұяда жұмыс істеуге қабілетті ересектері бар отбасыларына беріледі. Оларға сонымен қатар оларға жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұру, не болмаса оқуға түсу, немесе шағын несие алып, өз ізін бастау шарты қойылған әлеуметтік келісімшарт ұсынылады. Егер ол осы шарттарды орындаудан бас тартса, әлеуметтік көмек көрсетуден айырылады. Осылайша, билік басындағылар әлеуметтік асыраушылықта болуды жоюды көздеп отыр.
Айта кету керек, келесі жылы өмір сүру минимумы жоғарылатылады, сондай-ақ кедейшілік шегі де көтеріледі – 2018-ші жылы ол шамамен отбасының бір мүшесіне 14 000 теңгені құрайтын болады. Осының есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны да артады. Сонымен қатар төлемдер де шамамен 25%-ға артады.
- Егер қазіргі таңда үш түрлі әлеуметтік көмек алатын алты адамнан құралған аз қамтылған отбасы айына 58 000 теңге алса, келесі жылдан бастап мұндай отбасы 72 000 теңге алып отыратын болады, - деді Тамара Дүйсенова. – Сонымен қатар төлем алу механизмі де қарапайымдатылады. Егер бұрындары барлық үш атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін әртүрлі ведомстволардан бірнеше құжаттар жинау керек болса, жаңа жылдан бастап барлығы «бір терезе» жүйесіне ауыстырылады.
Талқыға түскен келесі тақырып зейнеткерлік төлемді есептеу мәселесіне қатысты болды. Көпшілікке белгілі, 1-ші шілдеден бастап зейнетақы енді зейнетақы жүйедегі жұмыс өтіліне байланысты есептеледі делінген болатын.
- Енді біз негізгі зейнетақыны 1998-ші жылға дейінгі еңбек өтіліне байланысты және 1998-ші жылдан кейінгі зейнетақылық жүйеге қатысу өтіліне байланысты есептейтін боламыз, - деді министр. – Сіздер білесіздер, көптеген зейнеткерлердің еңбек өтілі үлкен, бірақ олар минималды зейнетақы алады. Енді олай болмайды. Мысалы, егер мен 1998-ші жылға дейін 20 жылдық еңбек өтілім болса, ал 1998-ші жылдан бері жұмыс істеп, өз жалақымның есебінен зейнетақы қорына төлемдер жасап отырсам, онда менің жұмыс өтілім 33 жылға тең болады. Сонда мен бүгінгі 14 000 теңгенің орнына, 28 000 мың теңге алатын боламын. Яғни екі есе көп.
Кездесу соңында Тамара Дүйсенова жиналғандардың қойған барлық сұрақтарына жауап берді. Негізінен ол атаулы әлеуметтік көмек және зейнетақы төлемдеріне қатысты жеке сауалдар болды.