• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда «Жұлдыз-2017» байқауының жеңімпаздары марапатталды

 Кеншілер мәдениет сарайында 9-10 қараша аралығында «Жұлдыз-2017» VII республикалық эстрадалық жас орындаушылар байқауы өтті. Биылғы жылы додаға еліміздің әр аймақтарынан 23 жас әнші қатысты.


Биылғы жылы қазылар алқасына ҚР еңбек сіңіргер әртісі, Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясының профессоры Люция Төлешова, әнші, «Қазақстан дауысы» мега жобасының жеңімпазы Бауыржан Ретбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің директоры Талғат Ыдырысов, «Шабыт» Халықаралық фестивалінің лауреаты, Қ.Бажанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекші солисі Гүлмира Жүкіпбаева, әнші, композитор, «Жұлдыз» жобасының авторы Саят Әбдіғали болды.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-при Батыс-Қазақстаннан келген Сұлтан Хаирсапиевке бұйырды. Бірінші орынды Алматылық Бексұлтан Кенішқалиев ұтып алды, ал екінші орын – ОҚО тұрғыны Айзада Әлімбекке берілді, үшінші орын иегері – Қарағанды қаласының әншісі Лейла Изратова.
Байқаудың дипломанты атанғандар: Ғани Сражадин (Қызылорда облысы), Азамат Амангелды (Батыс-Қазақстан облысы), Темірлан Сағынтай (Қарағанды облысы), Еламан Мәженов (Қарағанды облысы).
Көрермендер көзайымы жүлдесі Павлодар облысынан келген Ерболат Аралбаевқа берілді. Байқауға қатысқандардың барлығына арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
«Жұлдыз» байқауының мақсаты – дарынды әншілерді анықтау, жастарды шығармашылыққа, ән айту өнеріне баулу болып табылады. БайқаудыҚарағанды облысының әкімі қолдауымен мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасы, Кеншілер