• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Сарыарқа» хоккей клубында жаңа жаттықтырушы тағайындалды

 «Сарыарқаның» бас жаттықтырушысы Александр Соколов өзінің қызметінен кетті. Ол туралы мәлімет хоккей клубының ресми сайтында жарияланды. Маманмен жасалған келісімшарт екі жақтың өзара мәмілесімен үзілді.

Қарағандылық ұжымның бас жаттықтырушысы лауазымына Соколовтың бапкерлік штабына кірген Дмитрий Крамаренко тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Александр Соколов «Сарыарқаны» маусым аралығында басқарған болатын. Қазіргі таңда, ЖХЛ 22 матчтен кейін Қарағандылық команда активіне 39 ұпай жинап, турнирлік кестенің 7-ші орнына орналасты.