• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Халық әндерін орындаушы Сержан Мұсайын Қарағандыда жеке концертін береді

Сержан Мұсайынның концерті 15-ші қарашада Кеншілер мәдениет сарайында 18:30-да болады. Билеттердің құны 800 және 1000 теңге.
Кеш қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаева, Тәттәмбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі болады. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.

Сержан Мұсайын – қазақ халық әндерін орындаушы, Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің жетекші солисі. Республикалық байқаулар мен фестивальдердің Гран-при иегері және лауреаты.
Жуырда Сержан Мұсайын әнші Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы көркем фильмге арналған саундтректің жазылуына қатысқан. Картинаны «Қазақфильмнің» тапсырысы бойынша американдық «Moving» студиясы түсірген. Оған голливудтық, ресейлік, латвиялық және отандық кәсіби киноиндустриялар қатысқан. АҚШ-ғы дыбыс жазу студиясында Сержан Мұсайын «Әміре» фильмінде шырқалатын «Балқадиша», «Үш дос», «Бес қарагер» және «Дудар-ай» композицияларын домбырамен орындады.
– Қиындықтар туындады, әсіресе домбырамен ән айтқанымда актердің артикуляциясына дәл түсу керек кезде, - дейді ол. Қолдың жылжуын салу өте қиын болып шықты. Себебі ондай жағдайда әннің әуені өзгереді. Қолдың ірі пландары көп емес, бірақ соның өзі менің жұмысымды күрделі етеді. Дыбыс режиссерлері алғаш рет фильмді дыбыстаған адам үшін тамаша жұмыс атқардың дейді
Әміре Қашаубаевтың қайғылы өмірі туралы фильм үлкен экрандарға биыл шығуы тиіс.