• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Саранда қала әкімінің «Qyran» жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

 
Түңғыш Президент Күні қарсаңында Саран қаласында «Qyran» жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды.

Салтанатты шара күні қалалық Мәдениет үйінің фойесінде «Рухани жаңғыру» тақырыптық стенді, «1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» кітаптар экспозициясы, мүсінші Саха Бекташованың жеке көрмесі, Жас техниктер станциясының тәрбиеленушілері жасаған робототехника модельдері, өнер мектептері ұстаздарының және оқушыларының жұмыстарынан құралған галерея және қаланың жалпы білім беретін мектептері оқушыларының шығармашылық көрмесі ұйымдастырылған. Мерекелік бағдарлама еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы баяндайтын «Ғасыр адамы» атты деректі фильмінің көрсетілімінен басталды.
Биылғы жылы Саран қаласы әкімінің «Qyran» сыйлығының лауреаттары атанғандар:
«Жылдың үздік жас маманы» - «PROSEO Group» компаниясының бас директоры Владислав Полищук.
«Отан қорғаушысы» - № 44803 әскери бөлімнің кіші сержанты Дастан Аскеев.
«Мемлекеттік тіл - болашағым» - менталды математика мектебінің оқытушысы Ксения Черепко.
Мәдениет және өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін – Халықтық үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі Ирина Борзых.
«Жылдың үздік оқушысы» - №4 ЖБМ оқушысы Айдын Олжас.
«Жылдың жас спортшысы» - ОШ №1 ЖБМ 8-ші сынып оқушысы Игорь Щербак.
«Жылдың үздік волонтері» - «Доброволец» ХҚҰ волонтері Виктория Сугрей.
Саран қаласы әкімінің «Qyran» сыйлығы жыл сайын дарынды жастарға олардың шығармашылықта, кәсіби және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбектері үшін тағайындалады. Төрт жыл ішінде оған 118 адам үміткер болып, 28 жас азаматтар құрметті атаққа лайықты деп табылды.

«Саран газетi» материалы бойынша жазылған