• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қалалық бос жұмыс орын жәрмеңкесінде 380 адам жұмыс тапты

 Қарағандыда қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шара Қарағанды Тау-кен – индустриалды колледжінде ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге түрлі меншік формалары бар 60 ұйым қатысты. Барлығы мұнда 448 кәсіпорыннан 2139 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жұмыс жер асты электр дәнекерлерушілеріне, инженерлерге, логистерге, менеджерлерге, бухгалтерлерге, бағалаушы-сарапшыларға және тағы басқа мамандықтар бойынша ұсынылды.
Орта білікті мамандарға арналған бос орындар да болды – тігінші, дәнекерлеуші, электромонтерлер, токарьлар, автокран машинистеріне, бұрғышыларға, фрезершілерге, бұрғылаушыларға, техник-технологтарға, жүргізушілерге арналған.
Сонымен қатар сантехник, жол жұсыркерлері, жүк тиеуші, күзетші, қосалқы жұмысшы секілді арнайы дайындықсыз жұмыскерлерге де ұсыныстар болды.
Жәрмеңкеге 670 адам қатысты.
Ұйымдастырушылар тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес берді, «Жастар тәжірибесі» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламалары туралы айтып берді. Жәрмеңкеде сонымен бірге жұмыссыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік қызмет және жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алуға болды. №1 қалалық аурухананың өкілдері міндетті медициналық сақтандыру туралы, Октябрь ауданы әкімдігінің қызметкерлері жер және тұрғын үй зағнамасы туралы сұрақтарға жауап берді.
Нәтижесінде 380 адам өздеріне жұмыс таба алды, 106 адам келешекте жұмысқа орналасуы үшін өздерінің түйіндемелерін қалдырды. 128 адам нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша нақты кеңес алды.
Бұл күні сонымен қатар 2018-ші жылға тегін оқыту курстарына жазылуға мүмкіндік болды.


Фото karaganda-akimat.gov.kz