• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Облыстық Тексеру комиссиясының жаңа төрағасы сайланды

 Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына 52 жасар Аян Әбдікәрімов тағайындалды. Сайлау облыстық мәслихаттың ХІІ кезектен тыс сессиясында өтті.
- Есеп комитетінің ұсынысы бойынша және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісіміне сай Қарағанды облысы бойынша Тексеру комитетінің төрағасы лауазымына Әбдікәрімов Аян Болатұлының кандидатурасын ұсынуды рұқсат етіңіздер, - деді сессия барысында облыстық мәслихат хатшысы Серік Өтешов.
Депутаттар үміткерді бір ауыздан құптады. Осыған дейін Аян Әбдікәрімов облыстық тексеру комиссиясының мүшесі болған.
Естеріңізге сала кетейік, облыстық Тексеру комиссиясының бұрыңғы төрағасы Серік Өтешов 29-шы қазанда өткен сайлауда облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Соңыра өкілдік билік органын басқарды.
Аян Әбдікәрімов 1965-ші жылдың 20-шы қыркүйегінде дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: техникалық, экономикалық және заң. Техникалық ғылымдар кандидаты. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – 20 жылдан асады.
Еңбек жолы: ҚазКТИ кафедрасының көмекшісі, Казкредсоцбанк, Халық банкі, ҚР Қаржы министрілігінің Қаржылық бақылау комитетінде түрлі басқарушы қызметтерде болған, ҚР МКМ Акциздiк өнiмнiң өндiрiлуi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетінде басқарма басшысы қызметін атқарған, Қарағанды облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары болған.
2011-ші жылдың 14-ші қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі қызметін атқарып келді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.