• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Ең мықты деген КВН командалары облыс әкімінің Кубогына бақ таластырады

 5-ші желтоқсан 18.30-да Кеншілер мәдениет сарайында Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларының көңілділер және тапқырлар топтары Қарағанды облысы әкімінің Кубогын ұтып алу үшін өзара сайысатын болады.
Ойын Астананың 20 жылдығына арналады. Оған «Теория большого взрыва», «Жайдарман», «Целиноград» және тағы да басқа командалар қатысады. Билеттер бағасы – 500 теңге, оларды Кеншілер мәдениет сарайынан сатып алуға болады.
Қарағанды обысы әкімінің КВН Кубогы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізіледі.