• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Жаңа туылған нәрестелер мен ұзақ ғұмыр жасаған қарияларды Балқаш қаласында Тұңғыш Президент Күнімен құттықтады

 Балқаш қаласында 1-ші желтоқсанда 9 нәресте дүниеге келді: үш ұл бала мен алты қыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні перзентханаға қала әкімі Александр Аглиулин барып қайтты. Ол балалы болған отбасыларын қос мерекемен құттықтап, жас аналарға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті, нәрестелерге жарқын болашақ пен бақыт тіледі.
Тұңғыш Президент Күні жаңа туылған балқаштықтарды мерекемен құттықтау дәстүрге айналған. Қаладағы бала туу көрсеткіші өсіп келеді дейді билік басындағылар. Осыдан бір жыл бұрын мереке күні алты бөбек дүние есігін ашқан болатын.
Александр Аглиулин мереке күні сонымен қатар ұзақ ғұмыр сүрген қариялардың үйлеріне де барып қайтты. Қала басшысы 100 жасар Данагүл Құрбанбаева мен 97 жастағы Мария Козарьді құттықтады.
Балқашта жыл сайын ұйымдастырылатын «Елбасы және Руxани жаңғыру жолындағы Мәңгілік ел» форумы өтті. Салтанатты шарада кәсіпорын жетекшілерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға септігін тигізгені үшін марапаттады. Қала әкімі сонымен қатар «Өркен» жастар сыйлығын да тағайындады. Оны 11 адам иеленді, сыйлық келесі номинациялар бойынша берілді: «Жас дарын», «Жыл оқушысы», «Жыл патриоты», «Жас жұмыскер» және т.б.
Балқаш тұрғыны Яна Снегирева Тұңғыш Президент Күніне орай үш метрлік торт пісірді. Бойжеткен жуырда жергілікті қызмет көрсету колледжін тәмамдаған, қазір аспаз болып жұмыс істейді. Автордың айтуынша тортты жасауға 150 жұмыртқа, 10 килограмнан артық ұн және 20 килограмм крем қажет болған, ал пісіруге алты сағат жұмсаған. Жүзден астам адам мерекелік торттан ауыз тиді.