• 4349 барлығы
  • 17 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Нұрсұлтан Назарбаевты күрес бойынша жаттықтырған украиналық бапкер Қарағанды облысында болып қайтты

Украинадан келген қонақтар Қарағанды облысында атап өтілген Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті Күні мерекесіне қатысты. Салтанатты шараларға Каменское (бұрыңғы Днепродзержинск) қаласының мэрі Андрей Белоусов және Нұрсұлтан Назарбаевтың грек-рим күресі бойынша бірінші бапкері Лев Ежевский келді.

Украиналық Днерпродзержинск қаласы қазақстандықтарға 50-ші жылдардың соңында онда болашақ Елбасы оқығанымен жақын. №8 кәсіби-техникалық училищеде Нұрсұлтан Назарбаев металлург кәсібін меңгерген.
- Сол жылдардың өзінде Нұрсұлтан Әбішұлы өз қатарластарынан ерекшеленетін. Ол оқушылар арасында көшбасшы болды, училищенің басшылығымен кей мәселелерді шеше алатын. Кысқаша айтқанда ол үлкен беделге ие болатын, - дейді өзінің атақты шәкірті туралы Украина және Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Лев Ижевский Қарағандыда өткен «Біздің көшбасшы – біздің күшіміз» форумында сөз сөйлегенде. – Ол күреспен айналысуға келгенде 18 жаста болатын. Өте тиянақты, ұқыпты, ақылды болды. Дене шымырлығымен ерекшеленетін. Маған тек табиғат балуан қылып жаратқан оқушымды сәл шынықтыру ғана қалған.
Егер шәкірті күрес жолына бет алса, олипиадалық чемпион болар еді дейді, ұстаз.
Салтанатты шара медиа-жоба форматында өтті. Оған жүздеген жастар, сондай-ақ Президенттің жақтастары қатысты. Тоғыз студенттік командалар Елбасының өмірбаянын білу деңгейі бойынша зияткерлік викторинада жарысты.
Украинадан келген құрметті қонақтарды Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров қарсы алды. Кездесуге жергілікті күресші-спортшылар және бапкерлер, спорттық мекемелердің жетекшілері жиналды. Нұрлан Әубәкіров аймағымыздағы грек-рим күресінің қазіргі жағдайы мен алдағы әлеуеті жайлы айтып берді. Қонақтар да өз кезегінде спортты әйгілеуге бағытталған бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Андрей Белоусов пен Лев Ежевский Теміртауда да болып қайтты. 2000-шы жылы Теміртау мен Днепродзержинск достық-қалалар болған. Қазіргі кездесуде қала басшылары серіктестік туралы қосымша келісімшартқа қол қойды.
Қонақтар Тұңғыш Президент Тарихи-мәдени орталығының экспозицияларын қарап шыққан соң, мерекелік концертті тамашалады.